Олимпиада қатысушылары өз әсерлерімен бөлісті - Алматы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аяқталған информатикадан халықаралық олимпиада қатысушылары сайыстан алған әсерлерімен бөлісті.

Бангладештен келген оқушы Лабиб Рашид тапсырмалардың өте қиынға соққанын мойындады. Қос кезеңнің нәтижесі бойынша ол 182 балл жинап, 165 орынға табан тіреді.

«Мен үшін Олимпиаданың маңызы зор. Мен өз деңгейімді көрдім. Нәтиже көрсеткендей, әлі де үйренерім көп. Мен шынымды айтсам, мұншалықты мықты қарсыластар болады деп ойламадым. Бірақ Қазақстанға келіп, қазақтармен танысқаныма өте қуаныштымын. Мұнда көптеген дос таптым», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда информатика пәнінен халықаралық олимпиада (IOI-2015) өз жұмысын аяқтады. Қос кезеңнен тұратын сайыста Оңтүстік Кореядан, Ресейден, Қытайдан келген спортшылар көш бастап келеді.

Соңғы жаңалықтар