Олимпиада: Германия медаль санымен көш бастап келеді

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір қола медальмен жалпы есепте 19-шы орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында медаль алған елдер саны 19-ға жетті. Қазақ елі әзірге фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медальмен соңғы орынды түйіндеп тұр.

Дәл қазіргі көрсеткіш бойынша, жалпы есепте Германия құрамасы көш бастап келеді. Олардың еншісінде 5 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар. Екінші орында - Нидерланды елінің спортшылары. Олардың қоржынында 4 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль болса, үздік үштікті Норвегия командасы 3 алтын, 5 күміс, 3 қола медальмен түйіндеді.

Сонымен қатар, төртінші орында 3 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен Канада құрамасы тұрса, үздік бестіктен 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен АҚШ елінің спортшылары көрінді.

Айта кетейік, Олипиада ойындарына Қазақстаннан  46 спортшы 57 жолдамамен 9 спорт түрінен бақ сынап жатыр.  Ал жалпы Пхенчханда  спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығын сарапқа салады. Жарыс 25 ақпанда өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар