Олимпиада: Денис Кузин ел үмітін ақтай ала ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжің Олимпиада ойындарында жалпы алты медаль жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өкінішке қарай Олимпиада ойындары басталғанан бүгінге дейін Қазақстан құрамасының қоржыны әлі бос тұр. Бұл олқылықтың орынын кім толтырады, ендігі үміт кімде қалды? Бұл сұрақтардың жауабын уақыт көрсете жатыр.

Деседе, қазақ жанкүйерлері ертең, яғни 18 ақпанда Денис Кузинге үміт артатыны анық. Ол ертең конькимен жүгіруден 1000 метр қашықтықта ел намысын қорғайды. 2013 жылы осы спорт түрінен әлем чемпионы атанған жерлесіміз Олимпиада ойындарында бар күш-жігерін салады деген үміттеміз.

Олимпиада ойындарының медальдар кестесіне көз жүгірсек, 109 медальдар жиынтығынан бар болғаны 17 медаль топтамасы ғана қалған. Олимпиадаға қатысқан 91 мемлекеттен тек, 28 елдің атлеттері ғана жүлде алып үлгерген. Қалған құрамалардың қоржындары әзірге әлі бос. Біз сол жүлдесіз елдердің қатарында келеміз.


Соңғы жаңалықтар