Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Антикор жанындағы қоғамдық кеңеске мүше болды

2022 жылғы 22 сәуір 22:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес Олимпиада чемпионымен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оның құрамына мемлекет қайраткері, бокстан Олимпиада чемпионы С. Сәпиев және «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Д. Смағұлов мүшелікке кірді.

«Қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін, өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді. Менің жұмыс тәжірибем, ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда Қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын»

, - деді Серік Сәпиев.


Отырыста ҚР Президентінің «мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдап жатқан шаралар туралы айтылды.

Агенттік төрағасы О. Бектенов бұл шаралардың өте маңызды және уақтылы екеніндігін, Антикор жекелеген бизнес-процестерді оңтайландыруды бастағандығын атап өтті.

Сонымен қатар, кеңес мүшелеріне көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың алдын ала нәтижелері, полицейлердің заңсыз әрекеттері бойынша қылмыстық істердің тергеу барысы айтылды.

Бұған дейін Антикор қызметкерімен келісіп берем деп, елден ақша алған адамның ұсталғандығы жазылған болатын.



Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары