Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан чемпионатына қатыспайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мәлім еткендей, екі күнге жалғасатын ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және 13 облыстан жалпы саны 221 (134 ер, 87 әйел) атлет қатыспақ.

Осы орайда айта кетейік, ел біріншілігіне үздіктерден тек Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова қатыспайды. Ол Азия ойындарына жеке дайындалып жатыр.

Ал Виктория Зябкина, Михаил Литвин, Ирина Эктова, Ольга Сафронова, Сергей Григорьев бастаған құрама көшбасшыларының барлығы ел чемпионы атағы үшін сынға түседі.

Қазақстан чемпионатында 42 медаль сарапқа салынады (21-і ерлер, 21-і әйелдер арасында). Жарыстың алғашқы күні 22 сайыс түрінен, ертеңінде 20 сайыстан чемпиондар анықталады.

Қазақстан чемпионатының қорытындысына сәйкес, Индонезияда өтетін Жазғы Азиада ойындарына қатысатын құрама толық жасақталады.

Соңғы жаңалықтар