Олимпиада чемпионы Д.Елеусінов 1 қыркүйекте өзі білім алған мектеп ұжымымен кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 1 қыркүйекте өзі білім алған елордадағы №54 мектеп ұжымымен, оқушылармен кездеседі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Даниярдың сынып жетекшісі болған Рая Келесқызы айтты.

«Данияр Елеусінов №54 мектепте 2008-2009 оқу жылында 11 сыныпты бітірді. Ол мектебімізді оқып жүріп-ақ жасөспірімдер арасында өтетін барлық әлемдік, халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанып, үлкен жетістіктерге жеткен еді. Барлық сабақты жақсы оқыды, әсіресе қазақ тілі мен әдебиетіне, тарихқа жетік болды, айрықша көңіл бөлетін. Данияр жарыстарға кеткен кезде де ұстаздарынан тапсырмалар алып әрі оларды тыңғылықты орындап отыратын. Өркөкіректігі, артық ауыз сөзі жоқ, өте қарапайым, салмақты бала. Мектепте оқып жүргенде ешқандай проблема да туындатпады, достарымен де жақсы араласты. Шетелге жарыстарға барып келгенде үнемі достарының барлығына бірдей кәдесыйлар алып келетін»,-  деді ол.

Р. Келесқызы Даниярдың сынып жетекшісі болғаннан кейін жекпе-жектерінде үнемі жанкүйер болып отыратындығын да баса айтты. «Бірақ, осы жолы алтын медаль үшін өткен кездесуін зор күйзеліспен көрдім, тіпті шыдай алмай сыртқа да шығып кеттім. Өйткені, қарсыласы Даниярдың жарақатынан соққы жасауға ұмытыла берді ғой», - дейді Олимпиада чемпионының сынып жетекшісі.

Сөз соңында  Рая Келесқызы 1 қыркүйек күні Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновті өзі білім алған мектепке шақырып, ұстаздармен, оқушылармен кездесу өткізу жоспарланып жатқандығын жеткізді.

null 

Соңғы жаңалықтар