+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов туралы фильмнің алғашқы тизері жарыққа шықты (ВИДЕО)

2014 жылғы 7 тамыз 03:02
Бөлісіңіз:
Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов туралы фильмнің алғашқы тизері жарыққа шықты (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Олиимпиада чемпионы марқұм Бекзат Саттарханов туралы көркем фильмнің алғашқы ресми тизері жарық көрді.

Картинада басты кейіпкерді Асылхан Төлепов сомдайды.

Жобаға 60 актер тартылған. Жоба режиссері Ермек Шахметтің әлеуметтік желідегі парақшасында жуық арада тағы бір тизер және толыққанды ресми трейлер шығатынын жазды. Ал байопиктің премьерасы биыл күзге жоспарланған.

«Бекзат» фильміне сондай-ақ Аян Өтепберген, Саят Исембаев, Тұрсын Құралиев, Бақтияр Қожа сынды актерлер түскен, деп хабарлайды kinostan.kz.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшы 20 жасында 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында жасындай жарқ етіп, чемпион атанған болатын. Сол жылы, 31 желтоқсанда аса дарынды спортшы жол апатынан қаза тапты

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT