+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Олимпиада: Боксшы Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы анықталды

2021 жылғы 26 шілде 18:24
Бөлісіңіз:
Олимпиада: Боксшы Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы анықталды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан әйелдер құрамасының айналасындағы дау бойынша арнайы комиссия құрылды Ақтөбеде халықаралық олимпиада жеңімпазы марапатталды Айдос Ербосынұлы нокаутпен жеңгеннен кейін IBF рейтингінде үздік бестікке енді

Айта кетейік, ол 75 келіде жарыстың бірінші іріктеу сатысына қатысқан жоқ.

Енді ол екінші іріктеу сатысында Өзбекстаннан келген Фанат Кахрамоновпен қолғап түйістіретін болды.

Өзбек боксшысы бүгін грузиялық Георгий Харабадзені жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Қазақ және өзбек былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жегі 29 шілдеге белгіленген.

Қарсыластар былтыр Иордания астанасы Амман қаласындағы лицензиялық турнирде кездесіп, ол жолы қазақстандық боксшының мерейі үстем болған еді.

Айта кетейік, Олимпиадада 57 келіде жұдырықтасқан Серік Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галоштың осал тұсын тапты.

Ал, 63 келіде Закир Сафиуллин перулік Леодан Песо Сабойяны жеңіп, жарыстың келесі сатысына жолдама алды.

Сондай-ақ, Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жегінде Пуэрто-Рико елінен келген Янкьель Ривера Фигероны қапы қалдырып кетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT