Олимпиада: Биатлоншы ерлеріміздің ең үздік нәтижесі - 43-орын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 3 биатлоншысы Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасындағы 10 шақырымдық жарысты аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, нысана көздеуде мүлт кетпеген неміс спортшысы Андр Пайффер 23 минут 38 секундта мәре сызығынан өтіп, жеңіске жетті. Ал одан небәрі 4 секундқа қалып қойған чех Михал Крчмарж (нысана көздеуде мүлт кеткен жоқ) күміс медальді қанжығасына байлады. Қола медаль нысана көздеуде бір мәрте қателікке бой алдырған итальяндық Виндиш Доминикке бұйырды. Ол жеңімпаздан 7 секундқа қалып қойды.

Ал қазақстандықтардың арасында үздік нәтиже Роман Ереминге тиесілі. Нысана көздеуде екі рет қателікке бой алдырған ол жарыс қорытындысында 43-ші орынға тұрақтады. Владислав Витенко болса, нысана көздеуде 4 рет қателікке жол берді. Ал Василий Подкорытов (нысана көздеуде бір рет қателік жасады) пен Максим Браун (нысана көздеуде 4 рет қателік) болса, тіпті үздік 70 спортшының қатарына да іліге алмады.

Олимпиада-2018. Пхёнчхан

Биатлон

Спринт, ерлер, 10 шақырым

Андр Пайффер (Германия) - 23:38.8 2.

Михал Крчмарж (Чехия) - +4.4 3.

Виндиш Доминик (Италия) - +7.7

... 43. Роман Еремин (Қазақстан) - +1:43.1

79. Владислав Витенко (Қазақстан) - +2:53.9

80.Василий Подкорытов (Қазақстан) - +2:55.9

85. Максим Браун (Қазақстан) - +4:07.9

Соңғы жаңалықтар