Олимпиада: Ауа райына байланысты шаңғы марафонының жарыс жолы қысқартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары Чжанцзякоу қаласында ауа райы нашарлауына байланысты шаңғы жарысынан ерлер арасындағы масс-стартты 50- шақырымнан 30 шақырымға қысқартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жарысқа жалпы 61 шаңғышы қатысады. Оның ішінде қазақстандық Евгений Величко да бар. Ол 43-нөмірмен сынға түседі.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиада ойындары 20 ақпанда аяқталады.


Соңғы жаңалықтар