+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Олимпиада алауы Токиоға жетті

2021 жылғы 11 шілде 01:08
Бөлісіңіз:
Олимпиада алауы Токиоға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір жылдық кідірістен кейін Олимпиада алауы Токиоға да жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады Теннис: Юлия Путинцева Острава турнирін жеңіспен бастады Astana Open: Дмитрий Попко өткен жылғы чемпионға жол берді

Олимпиада алауы Токиоға 120 күндік сапарының соңғы екі аптасында Жапониядағы барлық 47 префектураны аралап келді.

«Үміт біздің жолымызды нұрландырады» деген ұранмен саяхаттаған алау 1964 жылы Токио Олимпиадасына арналып салынған Комадзава Олимпиада паркі стадионында салтанатты түрде қарсы алынды.

«Мен алау эстафетасын сәтті өткізуге көмектескендерге шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз бүкіл Жапониядағы адамдардың көмегімен қиын жағдайларды жеңе алдық», - деді Токио губернаторы Коике Юрико.

Алауды үш дүркін паралимпиада ойыншысы Тагучи Аки подиумға алып шықты.

Бұған дейін Жапония билігі COVID-19 таралуына байланысты 12 шілде мен 22 тамыз аралығында жарияланған төтенше жағдайға байланысты жазғы Олимпиада ойындарына көрермендерді жібермеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Ойындар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT