+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Олимпиада алауы Токиоға аттанды

2020 жылғы 20 наурыз 08:51
Бөлісіңіз:
Олимпиада алауы Токиоға аттанды

АФИНА. ҚазАқпарат - Грекия Олимпиада алауын Жапонияға табыс етті. Салтанатты рәсім Афинадағы стадионда өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлемде коронавирустың қарқын алуына байланысты алауды табыстау рәсімі көрерменсіз өтті. Алау эстафетасында Олимпиада чемпиондары Катерина Стефаниди мен Лефтерис Петрунис қатысқан.

Өкінішке қарай, алауды қабылдау рәсіміне жапониялық спортшылар келе алған жоқ. Олар видеохабарлама жіберді. Ұйымдастырушылар театрландырылған қойылымды да көрсеткен жоқ.

Ресми дерек бойынша, Грекия Олимпиада комитетінің президенті мен ХОК мүшесі Спирос Капралос алауды Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Наоко Имотоға ұсынған.

Енді Олимпиада алауы Токионы шарлайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT