Олимпиада: Академиялық есуден қазақстандық спортшы ширек финалда өнер көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токиодағы Олимпиада ойындарында академиялық есуден ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу сыны басталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасының өкілі Владислав Яковлев іріктеудің бірінші айналымын үшінші орынмен аяқтады. Оның уақыт көрсеткіші - 7:10.08. Енді Владислав 30 шілдеде ширек финалда өнер көрсетеді.

Іріктеудің бірінші айналымында Даниялық Сверре Нильсен көш бастады. Екінші орынды Дженнаро Альберто ди Мауро иеленген.


Соңғы жаңалықтар