«Олимпиада-2022» ойындарының Алматыдағы өтінім комитеті халықаралық доданы өткізу тұжырымдамасын ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан тарапынан өтінім комитеті қысқы Олимпиада ойындарын өткізу туралы тұжырымдаманың таныстырылымын өткізді. Бұл туралы «Алматы-2022» өтінім комитетінен хабарлады.

Тұжырымдамаға сәйкес сайыстар қаланың ішінде және таулы аймақта өтетін болды.

Барлық нысандар Олимпиялық ауылдан 30 шақырымда орналасады. Қалалық аймақ Олимпиялық қалашық, орталық кластер, халықаралық «Сұңқар» тау шаңғысы кешенінен тұрады.

Олимпиялық қалашық қаланың солтүстік шығысындағы бірегей орын болмақ. Онда 5 мың адамға арналған олимпиялық ауыл, халықаралық хабар тарату және баспасөз орталығы, 45 орындық медиа-ауыл, Халықаралық Олимпиада комитетінің құрамына арналған 5 жұлдызды және 4 жұлдызды қонақ үйлер, 12 мың орынға лайықталған олимпиялық мұз айдыны шоғырланған. Кейін аталған нысандарда Паралимпиадалық комитет орналаспақ. Орталықта 3 нысан: «Сұңқар» трамплин кешені, ашылу және жабылу салтанаты өтетін орталық стадион, хоккей сайысы өтетін Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы орналасқан.

Таулы аймақ үш топқа бөлінеді: Медеу, Табаған, Ақ бұлақ. Болашақта Медеу мұз айдынының төбесін жауып, орындар санын 6 мыңға дейін арттыру жоспарда бар. Тұжырымдаманы таныстыру кезінде ұйымдастырушылар Медеудің жанынан 1000 орындық олимпиялық ауыл салуды қарастырып отырғанын жеткізді.

Табағанда тау-шаңғысы спортының техникалық дисциплиналары - слалом бойынша сайыстар өтеді.

Ақ бұлақта биатлон мен шаңғы сайыстары өтеді. Аталған стадион да теңіз деңгейінен 1440 метр биіктікте орналасқандықтан мұнда да 1060 орынға лайықталған «Ақ бұлақ» Олимпиялық ауылын тұрғызу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар