«Олимпиада-2022» өткізуден Алматының тағы бір бәсекелесі ресми түрде бас тартты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Польшаның Краков қаласы «Олимпиада-2022» өткізуден ресми түрде бас тартты. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

Жақында Краков қаласында өткізілген дауыс беру бойынша қала тұрғындарының 70 пайызы ойындарды өткізуге қарсы екендіктерін айтқан.

«Краков қысқы олимпиада ойындарының өткізуден ресми түрде бас тартып отыр. Өйткені, тұрғындар ойындардың өтуін аса қолдамады. Аймақтың дамуы үшін маңызды рөл ойнайтын жобаның жабылғаны өте өкінішті», - деді қала әкімі Ячек Мачровски. Бұл шешім туралы жақын арада Халықаралық Олимпиада комитеті де құлақтандырылатын болады.

Енді Олимпиаданы өткізу құқығы үшін әлемнің 4 қаласы бақталасып отыр.

Олар - Алматы, Украинаның Львов қаласы, Қытайдың Бейжің, Норвегияның Осло қаласы.

Шілде айында Халықаралық Олимпиада комитеті үміткерлердің Шорт-парағын жариялайды. 2022 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізетін ел 2015 жылдың 31 шілдесінде белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар