Олимпиада-2020: Қазақстан спорттың қай түрлерінен жүлде күтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токио Олимпиадасында Қазақстанның қай спорт түрлерінен жүлде жеңе алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз балуандарымызға, жеңіл атлетикадағы кейбір спортшыларға үміт артып отырмыз. Бізде жаңа спорт түрі – каратэде де жақсы құрама бар, сонымен қатар спорттық құзға өрмелеушілер де медаль ала алады. Басқа бағыттарда да спортшыларымыздың медаль алуы әбден мүмкін», - деп жауап берді С. Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Бұған дейін Серік Сәпиев Қазақстан боксшылары қанша жүлде әкелуі мүмкін екенін айтқан еді.

«Бокстан жүлде алуға әлі де үмітіміз бар. Үш-төрт медаль алуға болады. Енді Сәкен Бибосыновтың қарсыласы – Франция боксшысы, ол өте мықты, одан өтсе келесі қарсыластарының деңгейі франциялықтай болмайды. Сосын Әбілхан Аманқұлдың, Қамшыбек Қоңқабаевтың және Зәкір Сафиуллиннің қасрыластары айтарлықтай көшбасшылар емес, оларды жеңуге болады. Сол үшін қалған төрт боксшымыз төрт медаль әкелуі де мүмкін», - деді боксшы.


Соңғы жаңалықтар