+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Олимпиада-2020: Қазақстан медальдар саны бойынша нешінші орында

2021 жылғы 4 тамыз 20:31
Бөлісіңіз:
Олимпиада-2020: Қазақстан медальдар саны бойынша нешінші орында

ТОКИО. ҚазАқпарат – Бүгін қазақстандық спортшылар Токиодағы Олимпиада ойындарында тағы бір медальді иеленді. Қола медальды Қазақстан қоржынына боксшы Қамшыбек Қоңқабаев салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Жапония вакцина алатындардың минималды жасын төмендетпек Головкин күзге жоспарланған айқасынан айырылып қалды Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан ширек финалға жолдама алды

Жарыстың он екінші күнінен кейін Қазақстан құрамасы төрт қола медальмен медальдық есепте 75-орында тұр. Тізімде бұрынғыша Қытай (32-22-16) көш бастауда. Екінші орында – АҚШ (25-31-23), үшінші орында – Жапония (21-7-12) тұр. Посткеңестік елдер арасындағы үздігі Ресей (14-21-18) алтыншы орында.

Одан кейінгі орындарда Грузия — 23-ші орында (2-4-1), Өзбекстан — 30-орында (2-0-1), Украина — 37-орында (1-2-8), Беларусь, Эстония және Латвия — 53-орында (1-0-1), Армения мен Қырғызстан — 61-орында (0-2-1), Түрікменстан — 71-орында (0-1-0) және Әзербайжан — 76-орында (0-0-3).

Олимпиада-2020 ойындарының 4 тамыздағы медальдық есепте үздік ондықта тұрған елдер:

1. Қытай — 32-22-16

2. АҚШ — 25-31-23

3. Жапония — 21-7-12

4. Ұлыбритания — 15-18-15

5. Австралия — 15-4-17

6. Ресей — 14-21-18

7. Германия — 8-8-16

8. Франция — 6-10-9

9. Италия — 6-9-15

10. Нидерланды — 6-8-9

75. Қазақстан — 0-0-4.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT