+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Олимпиада-2020: Қазақстан медальдар саны бойынша нешінші орында

2021 жылғы 3 тамыз 20:58
Бөлісіңіз:
Олимпиада-2020: Қазақстан медальдар саны бойынша нешінші орында

ТОКИО. ҚазАқпарат – Бүгін Олимпиада ойындарында отандық спортшылардың тағы бір медаль алатыны белгілі болды. Боксшы Сәкен Бибосынов (52 кг) турнирдің жартылай финалына өтті және ол сатыда жеңілген жағдайда да қола жүлдегер атанады. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Astana Open: Тимофей Скатов ширек финалға өте алмады Футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді Криштиану Роналду әлемдегі ең көп ақша төленетін футболшыға айналды

Әзірге Қазақстанның қанжығасында бұрынғыша үш медаль бар. Барлығы да «қола». Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер - Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алды.

Ойындардың 11-інші жарыс күнінен кейін Қазақстан медальдар саны бойынша 75-ші орында тұр. Қытай (32-21-16) көш алдында, екінші орында – АҚШ (24-27-21), үшінші орында – Жапония (19-6-11).

Посткеңестік елдердің арасында Ресей (13-21-18) үздік болып, бесінші орынға жайғасқан. Одан кейін Өзбекстан (2-0-1) 27-ші орында, Грузия (1-4-1) 32-ші, Беларусь, Эстония мен Латвия (1-0-1) 49-шы, Армения (0-2-1) 58-ші, Украина (0-1-6) 61-ші, Қырғызстан (0-1-1) 64-ші, Түрікменстан (0-1-0) 70-ші және Әзербайжан (0-0-3) 75-ші орында келеді.

Олимпиада-2020-ның 3 тамыздағы медальдар саны бойынша үздік ондығы:

1. Қытай — 32-21-16

2. АҚШ — 24-28-21

3. Жапония — 19-6-11

4. Австралия — 14-4-15

5. Ресей — 13-21-18

6. Ұлыбритания — 13-17-13

7. Германия — 8-8-14

8. Франция — 6-10-8

9. Нидерланды — 6-7-7

10. Оңтүстік Корея — 6-4-9

75. Қазақстан — 0-0-3.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT