+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ауыр атлет Игорь Сон Қазақстан қоржынына екінші «қоланы» салды

2021 жылғы 25 шілде 14:43
Бөлісіңіз:
Ауыр атлет Игорь Сон Қазақстан қоржынына екінші «қоланы» салды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қазақстандық Игорь Сон қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол 61 келі салмақта сынға түсті. Оған Юли Ираван (Индонезия), Абдурахим Алсалим (Сауд Арабиясы), Ким Туан Тач (Вьетнам), Шота Мишвелидзе (Грузия), Еичи Итоказу (Жапония), Фабин Ли (Қытай), Чан-Хун Као (Тайбэй), Давиде Рую (Италия) қарсылас атанды.

Қазақстандық ауыр атлет қоссайыстың нәтижесімен 294 (131+163) келіні бағындырды. Алтын медальға қытайлық Фабин Ли мен индонезиялық Юли Ираван талас жүргізуде.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан 55 келіде қыздар арасында Зульфия Чиншанло ел намысын қорғайды.

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда. Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.

Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы алты Жазғы Олимпиадада бақ сынады. Жалпы алғанда 21 алтын, 28 күміс, 64 қола медаль алды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT