Олимпиада-2020: Іріктеу сынында Василий Левиттің бірінші қарсыласы кім болмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Василий Левит Амманда (Иордания) өтетін олимпиадалық квалификациялық жарыстың бірінші қарсыласы кім болатынын білді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz.-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыста 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші болып шығатын Левит ширек финалдан бастап өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – бұған дейін моңғол боксшысы Эрденебаяр Сандагсуренді жеңген Тәжікстан спортшысы Давлат Болтаев болмақ. Ширек финалдағы жекпе-жек 8 наурыз күні таңертең өтеді.

Василий Левит 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының (2017, 2019) екі дүркін қола жүлдегері және 2009, 2015, 2017 жылдары Азияның үш дүркін чемпионы болған.


Соңғы жаңалықтар