Олимпиада-2018: Жанбота Алдабергенова жарысқа шығады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 15 ақпан күні жарысқа шығатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада ойындарының жетінші күні қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақ сынайды. Атап өтсек, спортшыларымыз тау шаңғысы, шаңғы жарысы, биатлон және фристайлдан сынға түседі.

Олай болса, 15 ақпанда жарыс алаңына кімдердің шығатынын назарларыңызға ұсынайық.

15-ші ақпандағы жарыс кестесі:

Тау шаңғысы
10:00, 13:45 Әйелдер. Слалом
Мария Григорова
11:30 Супер гигант, ерлер
Игорь Закурдаев
13:45

Шаңғы жарысы
15:30 Шаңғы жарысы, 10 шақырым, еркін стиль, әйелдер
Елена Коломина, Анна Шевченко, Валерия Тюленева

Биатлон
17:15 жекелей сайыс, әйелдер, 15 км
Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина

20:20 жекелей сайыс, ерлер, 20 км
Василий Подкорытов, Максим Браун, Тимур Хамитгатин, Владислав Витенко

Фристайл
20:00 Фристайл-акробатика, әйелдер
Жанбота Алдабергенова, Маржан Ақжігіт, Ақмаржан Қалмұрзаева, Аяна Жолдас.

Соңғы жаңалықтар