Олимпиада-2018: Шорт-трекшілеріміз эстафеталық жарыста финалға өте алмады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореядағы өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында бүгін шорт-тректен Қазақстан құрамасы финалға өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5000 мың метрлік эстафета жарысында команда капитаны Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша және Еркебұлан Шамуханов мұз айдынға шықты.  Қазақстан құрамасының қарсыластары Канада, Қытай және Голландия елінің спортшылары атанды.

Жарыс барысында құрама мүшесі Денис Никиша құлап қалды. Нәтижесінде жылдамдықты жоғалтып алған отандастарымыз өз тобында 6:47.727 уақыт көрсеткішімен төртінші орынға ие болды.

Бұл сайыста Қытай құрамасы (6:36.605) бірінші,  Канада (6:41.042) екінші, ал үшінші орынға Голландия құрамасының спортшылары ие болды.
null null 
null null null 


Фото: Данияр Майлыбаев

Соңғы жаңалықтар