Олимпиада-2018: Қос Корея бір тудың астына бірігеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты алышу рәсімінде қос Корея бір тудың астында спортшыларды бастап шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы korrespondent.net порталы екі ел арасында жүріп жатқан дипломатиялық келіссөздер қорытындысына сілтеме жасап хабарлады. 

Енді қос елдің спортшылары төрткүл дүние көз тігетін доданың салтанатты ашылу рәсімінде бір тудың астында жүріп өтеді. 

Айта кетерлігі, Олипиаданың ашылу кезінде екі ел алғаш рет бір тудың астында шыққалы отырған жоқ. Осыған дейін 2000, 2004 жылғы Жазғы Олимпиадада және 2006  жылы Туринде (Италия) өткен қысқы Олимпиада кезінде де қос Кореяның спортшылары бір тудың астында жүріп өткен болатын.

XXIII қысқы Олимпиада ойындарына КХДР елінен 150-ге жуық спортшы, 200-ден астам жанкүйер барады деп жоспарланып отыр. Осыған дейін айтып өткеніміздей  Оңтүстік Корея мен КХДР хоккейден ортақ әйелдер командасын құру туралы келісімге келген болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар