Олимпиада-2018: Қазақстандық боксшы жартылай финалға өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Буэнос-Айрестегі өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында боксшылар бәсекесі басталды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Надежда Рябец польшалық Наталия Гажевскаяны 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға өтті.

Айта кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан командасы әзірге 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Соңғы жаңалықтар