Олимпиада-2018: Германия көш тізгінін берер емес

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бір қола медальмен жалпы есепте 19-шы орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан бір қола медальмен кешегі орнын сақтап тұр. Қазақ елінің өзге спортшылары әзірге фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медальдан басқа көрсеткіштерге қол жеткізе алған жоқ.

Дәл қазіргі көрсеткіш бойынша, жалпы есепте Германия құрамасы көш тізгінін бермей келеді. Олар бүгін алтын медальдар санын 7-ге жеткізді. Ал оған 2 күмісті және 3 қола медальді қосылды. Осылайша алтын медальдар саны жағынан да, жалпы медальдар саны жағынан да Германия құрамасы көш басында келеді.

Екінші орында - Нидерланды елінің спортшылары тұр. Ал бүгін үздік үштікке жалпы медальдар саны бойынша АҚШ құрамасы көтерілді. Олар медальдар санын 4 алтын, 1 күміс, 2 қолаға толықтырды. Ал кеше ғана үздік үштікті түйіндеп тұрған Норвегия командасы бүгін бірде-бір медальға қол жеткізе алмай төртінші орынға сырғыды. Олардың еншісінде 3 алтын, 5 күміс, 3 қола медаль бар. Сондай-ақ, үздік бесінші орында 3 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен Канада құрамасы келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар