Олимпиада-2018: Екатерина Айдова 1000 метрден жүлде ала алмады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Пхенчханда өтіп жатқан XXIII қысқы Олимпиада ойындарында коньки спортынан 1000 метр қашықтықта сынға түскен Екатерина Айдова жүлдеге іліге алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 1000 метрді 1 минут 17,09 секундта жүгіріп өтіп, жалпы есепте 24-ші орынға табан тіреді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Пхенчханда қазақстандық спортшылар спорттың 3 түрінен сынға түсуі керек болатын. Алайда, қатты боран салдарынан тау шаңғы спорты мен биатлоннан сынға түсетін спортшы қыздарымыздың жарыстары басқа күнге ауыстырылды.

Сол үшін бүгін Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар арасынан тек Екатерина Айдова ғана өнер көрсетті.

Ал аталған додада бас жүлдені голландиялық Йорин тер Морс (1:13.56)  қанжығасына байласа, үздік екінші және үшінші орындарды жапониялық конькишілер Нао Кодайра (1:13.82) мен    Мико Такаги (1:13.98) жеңіп алды. 

Соңғы жаңалықтар