Олимпиада-2018: Бүгін қазақстандық 3 боксшы алтын үшін айқасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық үш боксшы Буэнос-Айресте өтіп жатқан Жасөспірімдер олимпиадасында финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтық сынға Талғат Шайкен (64 келі), Айбек Оралбай (91 келі) және Дамир Тойбай (+91) шыққанын хабарлаған едік.  

Боксшыларымыздың қарсыластары да белгілі болды. Талғат Шайкен финалда ресейлік Илья Поповпен қолғап түйістірсе, Айбек Оралбай алжирлік Мохаммед Хадиске қарсы шығады. Ал аса ауыр салмақтағы спортшымыз Дамир Тойбай әккі қарсылас, бұған дейін де шаршы алаңда кездескен ресейлік Алексей Дроновпен жұдырықтасады.

«Қуануға әлі де болса ерте. Алда ресейлік спортшы күтіп тұр. Онымен Әлем чемпионатының финалында жолыққанмын. Қарымта қайтару үшін бар күшімді саламын. Қарсыласымның Олимпиадаға жақсы дайындалғаны байқалады. Дегенмен, жеңіс үшін аянып қалмаймын», - деп келтіреді ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті Дамир Тойбайдың сөзін.

Сондай-ақ бүгін әйелдер арасында ел намысын қорғап жатқан Надежда Рябец те шаршы алаңға шығып, алжирлік боксшымен қола медаль үшін сынға түседі.

Жекпе-жек Астана уақытымен тамыздың 17-сінен 18-іне қараған түнгі, сағат 00:00-де басталады.

Айта кетейік, Жасөспірімдер олимпиадасының 17 қазан күнгі жарыс кестесіне сай бүгін, сондай-ақ велоспорттан (ерлер мен әйелдер, кешенді жарыс, критериум) финалдық сайыстар өтеді. Ел намысынЕ. Федоров, Г. Брусенский, М. Курносова, С. Пащенко қорғайды.  Басталуы - Астана уақытымен сағат 20.00-де.

Буэнос-Айрес астанасы Аргентинада ІІІ Жазғы жасөспірімдер олимпиадасы 6-18 қазан аралығында өтеді. Оған 206 мемлекеттен 4 мың спортшы қатысуда.  Жарыстар бағдарламасына спорттың дәстүрлі 28 түрінен бөлек, спорттық билер (брейк-данс), каратэ, тауға өрмелеу, роликпен сырғанау қосылып отыр. 

Байрақты додада ел намысын 58 спортшы қорғауда.   



Фото: www.olympic.kz

Соңғы жаңалықтар