Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 3 °С
Алматы: 5 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Олимпиада-2018: Биатлоншы аруларымыз соңғы орындардан көрінді

2018 жылғы 15 ақпан 16:48 1341
Бөлісіңіз:
Олимпиада-2018: Биатлоншы аруларымыз соңғы орындардан көрінді

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында жарыс жолына шыққан биатлоншы төрт қызымыз жүлделі орындарға ілікпеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 шақырымдық жекелей сайыста Қазақстан атынан Ольга Полторанина, Галина Вишневская, Дарья Климина және Алина Райкова жарыс жолына шыққан болатын. Өкінішке қарай төрт шаңғышы да алдыңғы 40 спортшының қатарынан көріне алмады.

Вишневская мәре сызығын 46 минут 23.4 секундта жүріп өтіп, 45-орынға ие болса, Полторанина аталған қпшықтықты 46 минут 37.4 секундта бағындырып, 46-орынға тұрақтады. Ал , Райкова (46:37.4) 48-орынға, Климина (46:44.4) 51-орынға табан тіреді.

Бұл сында бас жүлде швед қызы Ханна Эбергке (41:07.2) бұйырса, екінші орынды словакиялық Анастасия Кузьмина (41:31.9) жеңіп алды. Ал, үздік үшінші орынға неміс қызы Лаур Дальмайер (41:48.4) ие болды.

Олимпиада-2018: Биатлоншы аруларымыз соңғы орындардан көрінді 
Олимпиада-2018: Биатлоншы аруларымыз соңғы орындардан көрінді 
Олимпиада-2018: Биатлоншы аруларымыз соңғы орындардан көрінді 
Олимпиада-2018: Биатлоншы аруларымыз соңғы орындардан көрінді 
Олимпиада-2018: Биатлоншы аруларымыз соңғы орындардан көрінді 
Олимпиада-2018: Биатлоншы аруларымыз соңғы орындардан көрінді 
Олимпиада-2018: Биатлоншы аруларымыз соңғы орындардан көрінді 

 

Фото: Ізтұрған Алдауев


Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат