Олимпиада-2018: АҚШ спортшысы ХХI ғасырда туған алғашқы чемпион атанды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан XXIII Олимпиада ойындарында 17 жастағы спортшы чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті бүгінгі күннің ең басты жаңалықтарының бірі деп жариялады.

«Сноубординг спортының слоупстайл түрінен бақ сынаған АҚШ спортшысы Редмонд Джерард чемпион атанды. Ол Ақ Олимпиада ойындарының тарихында ХХІ ғасырда дүниеге келген алғашқы чемпионы болып отыр. Джерард 2000 жылы 29 маусымда дүниеге келген»,- делінген ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар