USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Өлген егіздердің анасы ата-аналық құқығынан айырмауды өтінді

2017 жылғы 15 желтоқсан 11:35
Бөлісіңіз:
Өлген егіздердің анасы ата-аналық құқығынан айырмауды өтінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Айуандықпен өлтірілген егіздердің анасы Алла Волченко сотта үлкен ұлына қатысты ата-аналық құқығынан айырмауды өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот алдында өлген балалардың ата-анасы - 29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко жауап беріп жатыр. Оларға қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 1,3,7 (кісі өлтіру) тармақтары және 119-баптың 1 бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша іс қозғалған.
Сотта А.Волченко 2 жастағы баласы анасынан қорықпайтынын дәлелдейтінін психологиялық сараптама жасауын өтінді.
«Мен балаларымды жақсы көретінмін. Менде бұрынғы суреттер бар. Онда балаларымыз қарыны тоқ, уайымы жоқ», - деді сотталушы.
Судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Себебі, бұл өтініш іске қатысты емес деп тапты.
Бұған дейін Волченконың қорғаушысы сотталушының жазасын жеңілдетуге барын салатынын айтқан болатын. Осындай қылмыс жасағаны үшін Алла Волченкоға 15 жыл кесілуі, ал Эмиль Гильмутдинов 18 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Тергеуші сұрақ-жауап барысында Волченконың күйеуінің жоспары туралы білгенін айтқан еді.
Еске сала кетсек, 11 қыркүйек күні жантүршігерлік оқиға Түріксіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен сәбилердің мүрдесі табылған. Сол күні Медеу ауданында адасып жүрген екі жастағы ер бала полицияға жеткізілді. Бала өлген егіздердің ағасы екені анықталды. Егіздердің өліміне күдікті ретінде олардың ата-анасы ұсталды. Қазіргі уақытта сот алдында Қазақстан азаматшасы Алла Волченкомен оның азаматтық некедегі күйеуі Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов жауап беруде. Оларға қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 1,3,7 (кісі өлтіру) тармақтары және 119-баптың 1 бөлімі (қараусыз қалдыру) бойынша іс қозғалған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT