+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды – Қайрат Қожамжаров

2019 жылғы 21 қараша 13:05
Бөлісіңіз:
Олеся Кексельге қатысты іс тоқтатылды – Қайрат Қожамжаров

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрынғы Бас прокурор, Парламент Сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты тергеуге бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің білуімше, шағым екі ай бұрын түскен. Сенбі күні оған қылмыс белгілерінің жоқтығына орай іс тоқтатылғаны хабарланған. Алайда бұл тақырып қызу талқыланып жатқандықтан, іс қайта қаралуы мүмкін. Жалпы іс жайында Кексельдің өзінен хабардар болдым. Тергеуші оған телефон шалып, қылмыс құрамының жоқтығына байланысты іс тоқтылғанын айтқан», - деді Қайрат Қожамжаров Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, сенатор Қазақстан азаптауға қарсы конвенцияға қосылғанын, осыған сәйкес ұлттық заңнама сәйкестендірілгенін атап өтті. Азаптау туралы шағым түскенде, құқық қорғау органдары оны міндетті түрде тіркеп, тергеу амалдарын бастайды. Бұл тұрғыда кез келген арыз тексеріледі.

Қ. Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельді білікті маман және өз ісіне тиянақты маман ретінде білетінін айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар, ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты пікір білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT