Олар бізді қиындықта қалдырмады – Түркиядан оралған қазақстандықтар Президент пен СІМ-не алғыс айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядан эвакуацияланған Қазақстан Республикасының азаматтары өз азаматтарын қиындықта қалдырмағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25 қаңтардан бері Асадулла Арыстанов Газиантеп қаласында. Ол Түркияға жеке жұмысымен, бизнеспен айналысуға келген. Иран мен Түркиядан тоқыма бұйымдарын, кілемдер алып барып сатады.

«Біріншіден, мен еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиевке де алғыс айтқым келеді. Біз қиын жағдайда қалдық. Консулдықтың ресми сайтында біз дипломатиялық өкілдік қызметкерлерінің байланыстарын таптық. Олар бізге бірден жауап берді. Бір қоңыраудан кейін Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің қызметкерлері хабарласып, эвакуацияны ұйымдастырды. Олар бізге жол көрсетті, бізді қайда күтетінін түсіндірді. Азаматтарын қиыншылықта қалдырмай, еліне аман-есен жеткізгені үшін Президент пен Елшілікке алғысымызды білдіреміз», - деп бөлісті Асадулла Арыстанов.

Райхан Набиева Газиантепте тұратын туыстарына қонаққа барған. Олсонда үш ай тұруды жоспарлапты.

«Алайда жер сілкінісі менің жоспарларымды өзгертті. Маған көмектескен Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлеріне рахмет, мен сәтті жеттім. Жиенім Алматыда полицияда жұмыс істейді. Ол маған көмектесті, қызметкерлермен, құтқарушылармен хабарласты. Барша қазақстандықтарға рахмет. Бәрі жақсы, уақытында құтқарылды, жақсы ұшты. Жер сілкінісі болған кезде қонақта отыр едім. Естіген бойда көшеге жүгіріп шығып, таңға дейін көліктерде отырдық. Құрбан болғандар көп болды. Алла барлығына жәрдем берсін», - деді Райхан Нәбиева.


Соңғы жаңалықтар