Ольгинкада түйнемеге қатысты карантин қашан алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде арнайы баспасөз мәслихаты өтіп, онда Ақмола облысындағы эпизоотикалық ахуал жайы кеңінен қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ольгинка ауылында барлық мал басы бақылауға алынды. Мұндай оқиға 1998 жылы Ольгинка ауылына тақау Николаевка елді екенінде тіркелген. Енді 15 күннен кейін Ольгинка ауылындағы карантинды алып тастаймыз. Бірақ, бақылау жалғасады», - деді ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов.

Еске салайық, 16 тамызда Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Ольгинка ауылында түйнемеге қатысты карантин жарияланды. 5 тұрғын ауруханаға жатқызылып, қазір сынамалар зерттеліп жатыр. Ауруханада жатқандардың жағдайы тұрақты. Ольгинка ауылында үй жануарлары арасында індет белгісі анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар