Ольга Рыпакованың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі көпке рух береді - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медальді жеңіп алған жеңіл атлет Ольга Рыпакованы құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің Twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Қытайда өтіп жатқан VII Бүкіләлемдік әскери ойындарда танымал жеңіл атлетшіміз Ольга Рыпакова тамаша көрсеткішпен алтын медальге ие болды. Ольганың спорт әлеміндегі теңдессіз тәжірибесі, биік белестері көпке рух береді әрі шабыттандырады. Жарайсың,тек алға!» - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, кеше Бүкіләлемдік әскери ойындарнда Ольга Рыпакова жеңімпаз атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар