Ольга Рыпакова жаңа лауазымға ие болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР жеңіл атлетика федерациясына Азия жеңіл атлетика қауымдастығынан жағымды хабар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия жеңіл атлетика қауымдастығынан келген хатта Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың құрлықтық қауымдастық комиссиясына мүше ретінде қабылданғаны хабарланған.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, аталмыш құрлықтық Рыпаковадан бөлек өзбекстандық Андрей Абдувалие, қытайлық Ван Ю, үндістандық П.Т.Уша, малайзиялық Ли Хуп Вэй және саудиялық Саад Шаддад бар.

Құрлықтық жеңіл атлетика қауымдастығының төрағасы Дахлан Әл-Хамадтың атынан ұйымның бас хатшысы A.Шуггумарран құттықтаған.

«Сіздің біліктілігіңіз бен тәжірибеңіз Азия құрлығының жеңіл атлетикасын өрге сүйреуге көмектесетініне сенімім мол», - делінген хатта.

Бұған дейін Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков жарыстар ұйымдастыру жөніндегі комиссияның мүшесі ретінде қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар