+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды

2019 жылғы 21 қараша 14:19
Бөлісіңіз:
Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы Күштерінің майоры Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды. Ашық дауыс беру Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) кеңесінің Монакодағы отырысында өтті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Олимпиада чемпионы, ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшысы Ольга Рыпакова атлеттер комиссиясына тағайындалуы туралы пікір білдірді.

«World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болу – үлкен абырой. Өйткені, ол – жеңіл атлетика ұйымдары мен жарыстарына басшылық ететін жоғары орган. Оның құрамында болу – спортты жақсартатын ұсыныстар айту мүмкіндігі. Өзге әріптестерімді де осы комиссияға мүше болып сайлануымен құттықтаймын. Біз бірге көп шаруа тындыра аламыз. Өзіме білдірілген сенімді ақтап, еліміздің атынан «World Athletics» құрамында лайықты жұмыс істеуге барымды саламын», – деді спортшы.

Айта кетейік, «World Athletics» атлеттер комиссиясына алты спортшы сайланады. Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығына бүгінде әлемдегі 212 ел мүше.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT