Ольга Рыпакова бүкіләлемдік әскерилер ойында алтын медаль алды

None
None
УХАНЬ. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова бүкіләлемдік әскерилер ойынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатыр.

Ольга Рыпакова үш қарғып секіру жарысында 14.19 метрге секіріп, үздік нәтиже көрсетті.

Екінші орында 13.78 метрді бағындырған италиялық Оттавией Цестонаро, 13.54 метрге қарғыған Доминикан Республикасының өкілі Люсии Хосе Тим үшінші орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар