Ольга Полторанина - Еуропа ашық чемпионатының спринтінде 19-шы орында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түменде биатлон бойынша өтіп жатқан Еуропаның ашық чемпионатында әйелдердің спринтердік жарысы болып өтті, деп жазады Sports.kz.

Жеңімпаздар тұғырына неміс спортшылары көтерілді. Жеңімпаз болып Надин Хорхлер атанса, екінші орынды одан үш жас кіші сіңлісі Каролин Хорхлер еншіледі, қола медальды Анника Кнолль қанағат тұтты.

Қазақстандықтардың арасында үздік нәтижені Ольга Полторанина - 19-шы, Елена Хрусталева - 33-ші, Марина Лебедева - 42-ші, Александра Сасина - 44-ші, Галина Микрюкова - 57-ші көрсетті.

Соңғы жаңалықтар