«Оқжетпес» өз алаңында «Астанадан» ұтылып қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының кейінге қалдырылған 25-ші турында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында елордалық «Астананы» қабылдап, 0:1 есебімен ұтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Матчтың тағдырын алғашқы таймда «Астана» қорғаушысы Юрий Логвиненконың соққан жалғыз голы шешті. Жалпы, алғашқы таймда қос команда да гол соғу мүмкіндіктері болды. Ә дегеннен қонақтардың басымдығы анық көрініп тұрды. Алаң иелерінің шабуылына өткірлік жетіспеді. Ал, қонақтар жиі шабуыл ұйымдастырып, «Оқжетпес» қақпасын торуылдаумен болды. Елордалықтар ұйымдастырған шабуылдардың бірінде Юрийдің шалқалай тепкен добы алаң иелерінің қақпасынан табылды.

Екінші таймда қос команда да сақтық танытып, ұтымды сәттерде ғана шабуыл ұйымдастырып тұрды. Соған қарамастан екі команданың шабуылшыларына да гол соғатын тамаша мүмкіндіктер болды. Бірақ қорғаушылары табандылық танытты. Нәтижесінде таблодағы есеп айырмасы өзгерген жоқ. Кездесу 0:1 есебімен астаналықтардың пайдасына шешілді.

Соңғы жаңалықтар