Оқыс оқиға: Қазақстандық велошабандоздарды көлік қағып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испаниядағы жаттығулардың бірінде қазақстандық «Astana Pro Team» командасының шабандоздарын көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Велокоманданың Twitter парақшасында жарияланғандай, оқиға салдарынан Евгений Гидич пен Вадим Пронский жарақат алған. Екі спортшы да ауруханаға жеткізілген.

Велокоманданың ұсынған ақпаратына сәйкес, Гидич ауыр жарақат алмай, аздап қолын зақымдаған. Ал Пронский болса, тізеден едәуір жарақат алған болуы керек. Сонымен бірге, дәрігерлерге спортшының иегін тігуге тура келген.




Соңғы жаңалықтар