Оқушының өліміне ұялы телефон себеп болуы мүмкін

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Талдықорған қаласында 7 сыныптың оқушысы өзіне қол жұмсады. Қыз бала бөлмесінде асылып тұрған жерінен    табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған фактіні қалалық білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыханов растады.

«Қайғылы оқиғаның болғаны рас. 7 сынып оқушысына ата-анасы ұялы телефонда көп отырма деп ескерту жасаған көрінеді. Санаулы уақыттардан кейін, яғни кешкі сағат сегіздер шамасында  қыз бала бөлмесінде асылып тұрған жерінен табылған. Қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысуда. Қазір мектептерде  психологтар  қайғылы жағдайлардың алдын алу  мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы.  

Сондай-ақ Ж.Жолдыхановтың сөзінше қыз бала өте тәртіпті болған. Мектеп  ұстаздары өзіне қол жұмсаған оқушынының сабақ үлгерімі де жақсы болғанын айтқан.

Соңғы жаңалықтар