Оқушының газдалған сусын ішкеннен кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған - ҚР ДСМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. қазАқпарат - Мектеп оқушыларының ата-аналары арасында WhatsApp желісі арқылы Тархун, Citro газдалған сусындарды ішкеннен кейін жұқпалы аурулар ауруханасында баланың қайтыс болғаны туралы тараған ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР ДМ Денсаулықты сақтау комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының ресми деректеріне сәйкес жұқпалы ауру ауруханаларында Тархун, Citro газдалған сусындарды және энергетикалық сусындарды ішкеннен кейін улану фактілері тіркелген жоқ. Бұған қоса таратылған ақпаратта Кеден одағында сусындар мен кондитер өнімдерін өндіруге рұқсат етілген тағамдық қоспалар қоспалар көрсетілген», - деп атап өтеді комитеттен.

Ведомствоның мәліметінше, негізінен әрбір бояғыш үшін өнімдердің құрамында болатын нормалары бекітілген.

«Ал таратылған ақпаратта бояғыш көрсеткіші рұқсат етілген деңгейден асып кеткені туралы мәлімет көрсетілмеген. Тыйым салынған бояғыштар бар азық-түлік өнімдері туралы ақпарат негізінен бейресми интернет-ресурстардан алынған. Сонымен қатар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулықты сақтау комитеті аумақтық департаменттерінің басшыларына көрсетілген азық-түлік өнімдерін сараптама жүргізу үшін іріктеуге тапсырма берілді», - деді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, WhatsApp желісі арқылы мектеп оқушыларының ата-аналары арасында: «Құрметті ата-аналар! Мектеп инфекциялық жансақтау бөлімінде бала қайтыс болғанын ескертеді. Демалыс күндері ол тархун (шыныда) ішеді. Билирубин, уыттану, 2 күн комада болып, жанының аман алып қалуға мүмкіндік болмады. Балалармен сөйлесіңіздер, түсіндіріңіздер! Қазір Ситро ішкен тағы бір қыз бар (шыны, марка есімде жоқ), жұма күннен бастап капельница астында. Дәрігер айтып өткендей, энергетик сусындарын ішкеннен кейінгі нәтижелермен жарты бөлімше жатыр. Ақпаратты таратыңыздар және балаларға ескертіңіздер!», - деген мәтіндегі жалған хабарлама тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар