Оқушының діни ұстанымын дұрыс қалыптастыру маңызды – Нұрболат Айекешов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Ұлжан шағын ауданындағы №152 мектеп оқушыларына жат діни ағымдардың теріс ықпалы ақпарат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маман ретінде дінтанушы, қалалық Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығының бөлім басшысы Нұрболат Айекешов шақырылды.

Жалпы 150 астам оқушы қатысқан кездесуде деструктивті ағымдар, салдары, қаупі туралы айтылды.

«Қазақстан зайырлы мемлекет. Мемлекеттің қарекеттері азаматтық заң нормаларымен реттелінеді де дін істеріне араласпайды. Ал діннің тіршілігі діни нормалармен реттелінеді, ол мемлекет жұмысына араласпайды. Конституцияда көрсетілген ар мен ұждан бостандығы талаптары адамды сеніміне және көзқарасына байланысты қудалауға тыйым салады. Алайда дін нормалары мен тәжірибесі азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керек. Біздің мемлекеттік мектептерде өзінің ережелері бар. Оның бірі - мектеп формасының үлгісі. «Хиджаб» деген діни маркер. Министрліктің бірегей форма кию туралы ортақ талабы бар. Ең алдымен сіздер үшін діни маркерді көрсету емес, білім алуларыңыз маңызды. Діни қызығушылықтардың арты фанатизмге апарады. Әр қадамдарыңызды абайлап, кез келген ресурстардан ақпарат іздемеу керек», - деді Нұрболат Айекешов.

Оқушылар тарапынан діни наным-сенімге қатысты бірқатар сұрақтар қойылды.

Оның ішінде бір оқушы дәріс берушілердің келу мақсатын сұрады.

«Естеріңізде болса Руслан Кулекбаев атыс жасады. Ол жігіт мектеп жасынан бастап діни ағымдарға кірген. Сіздердің болашақ идеяларыңыз, дүниетанымдарыңыз, көзқарастарыңыз мектеп жасынан қалыптасады. Террористер аяқ астынан өсіп шықпайды. Мектеп жасынан бастап балаларда ұстаным пайда болуы мүмкін. Атыраудағы, Ақтөбедегі атыстар соған дәлел. Сол себепті сіздермен кездесіп, дұрыс бағыт-бағдар беріп, жат ағымдардың ықпалы туралы мағлұмат беру – мемлекет жүргізіп отырған саясаттың үдесінен шығады. Сол себепті, оқушының діни ұстанымын дұрыс қалыптастыру маңызды», - деді Нұрболат Айекешов.

Оқушы жасындағы балалардың санасында сан сұрақ туындауы мүмкін. Кейде бұл сұрақтарға діни білімі жоқ болса, ата-аналар да, мұғалімдер де жауап бере алмауы ықтимал.

Осы орайда, былтыр қалалық Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен, қолдауымен «Мониторинг және талдау орталығы» мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын жүргізілген болатын.

«Қазір дінтану сабағы факультативті түрде 9-сыныптарда өтеді. Бұл сабақты былтыр біліктілігін арттырған тарихшы мамандар өткізеді. Былтырғы курстарда ұстаздар тек қана теориялық білім алмай түрлді діни орындарға барып, олардың тарихымен танысқан болатын», - деді дінтанушы маман.

Дәрістің соңынан теріс ағымдардың ықпалы жөнінде арнайы видеофильм көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар