Оқушыны ұрған инспектор оқиғасы: Директор сөгіс алды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп инспекторы оқушыны ұрып, жұмыстан шықты. Кейін мектеп директорына сөгіс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№2 орта мектептегі жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүрді. Тексеру нәтижесінен соң директордың орынбасары Любовь Лобанова директордың бұйрығымен қызметінен босатылды. Ал қалалық білім бөлімінің бұйрығымен Сания Данишеваға сөгіс берілді. Педагогтар мен ата-аналар оның 20 жылдан астам уақыт бойы білім саласында еңбек еткенін ескерді»,- деді қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

Еске салсақ, 22-қыркүйек күні мектеп инспекторы оқушыны ұрды.

Кейін полиция қызметкерінің ішкі істер органдары қатарынан шығарылғаны мәлім болды.

№2 орта мектеп оқушысының ата-анасы болған мән-жайды тілшілерге мәлімдеп, кешірім бермей, полицияға арыз жазғанын айтып берді.

Қазір оқушы сабағына қатысып жүр.

Соңғы жаңалықтар