Оқушыны ұрған ақтөбелік инспектор жұмыстан шығарылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде №2 орта мектеп оқушысына қол көтерген инспектор жұмыссыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№2 орта мектеп ата-аналарының арызы бойынша ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізіп, жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор С.Ермағамбетовты ішкі істер органдары қатарынан жұмыстан босату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық ІІБ-ның Елек полиция бөлімінің басшысы қатаң тәртіптік жазаға тартылады»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 22 қыркүйек күні спорттық киіммен жүрген оқушыны мектеп инспекторы ұрып тастаған еді. Кеше оқушының анасы арыз жазып, шара қолдануды сұрағанын мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар