Оқушыны ұрған әкімнің ісі Әдеп кеңесінде қаралады - Ақмола облысының басшысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мектеп оқушысын ұрып, әлеуметтік желіні шулатқан Қорғалжын ауылдық округінің әкіміне қатысты тексеріс қорытындысы Ақмола облысының Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында қолға алынған шаралардың барысы, білім және ғылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың қорытындылары талқыланды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Мәлік Мырзалин Қорғалжын ауылдық округінің әкімі Жанат Омаровтың кәмелеттік жасқа толмаған баланың денсаулығына залал келтіру оқиғасына байланысты полиция, денсаулық сақтау және білім органдары тексеру жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Тексеріс қорытындысы облыстың Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралатын болады», - деді облыс басшысы.

Еске сала кетейік, Қорғалжың ауылдық округінің әкімі Ж.Омаровтың кәмелеттік жасқа толмаған Мұқан Диасты соққыға жығуына қатысты таралған ақпаратқа байланысты ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу қорытындысы бойынша әкімнің әрекетіне құқықтық баға беріліп, нақты процессуалды шешім қабылданатын болады.

Фото: sko.enbek.gov.kz

Соңғы жаңалықтар