Оқушыны ұрды деп айыпталып жатқан мұғалімді ата-аналар жақтап отыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Оқушы қызды ұрды деп айыпталып жатқан ұстаз Мәдина Жұмабаеваны №10 орта мектептің ата-аналары мен ұжымы «жақсы мұғалім» деп бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде №10 мектеп оқушысының ата-анасы «қызымды ұрып-соқты, денсаулығына зиян келтірді» деп ұстазы Мәдина Жұмабаеваны сотқа берді. Ұстаз Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша сот алдында жауап беріп жатыр. Бүгін айыпталушыны мектептің ата-аналары мен ұжымы жақтап, өз пікірлерін ашық білдірді.

null 

«Мәдина Қожантайқызы 23 жылдық еңбек өтілі бар жоғары білімді маман. Біздің балаларымызға дейін де 16 жылда 4 топтың оқушыларына тәлім берген. Балаларымыз мектеп табалдырығынан аттаған күні-ақ бауырына басып, қолына қалам ұстатып, әліппені үйретті. Ұстаз үшін жанымыз шырылдып келіп тұрмыз. Ұстаздың еңбегі бағаланып, халық алдында көрінсе екен деп жүрміз», - деді ата-ана Гүлзухра Меңдімұратова.

Айта кетейік, Мәдина Жұмабаева оқушы мен ұстаз арасындағы араздықтан соң басқа білім ордасына ауысып кетті. 

«Мәдина Жұмабаева өз еркімен жұмыстан шығып кетті. №10 орта мектепте мұғалім болып жүргенінде оқушылардан шағым түспеді, арыз болған жоқ. Мына жағдайға байланысты қандай да бір пікір білдіре алмаймын. Сот ақ-қарасын шешеді. Бір айтарым, қалалық білім бөлімі іс бойынша сауалнама жүргізді. Нәтижесінде баланы ұрып-соққаны анықталмады. Ал 3-сынып оқушысы өзге балалар секілді белсенді. Ондай оқушылар қазір көп», - деді №10 жалпы білім беретін орта мектеп директорының орынбасары Нәзия Елбаева. Оның айтуынша, ертең болатын сот отырысына психолог пен мұғалім барады. 

null 

Соңғы жаңалықтар