Оқушыны балағаттаған қостанайлық педагог қоғамдық жұмысқа жегіледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оқушыны балағаттаған педагогқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалдарына сүйенсек, биыл 23 ақпанында Қарабалық ауданындағы Бөрлі орта мектебі директорының орынбасары Ф. спорт залға 14 жасар 7 «б» сынып оқушысын шақырады. Белгілі болғандай, педагог дәлізде шу көтерген оқушыны анықтауға тырысқан.

«Ол кәмелетке толмаған жәбірленушіні спорт зал ішімен «қаз қадамы» әдісімен жүруге мәжбүрлейді. Бұған қоса оған балағат сөздер айта бастайды. Сот шешімімен педагог қылмыстық құқық бұзушылыққа барды деп танылды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

30 жастағы мектеп директорының орынбасарына ҚР ҚК 140-бабы бойынша 240  сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, алдағы 3 жыл бойы педагогтық қызметке орналаса алмайды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар