Оқушылардың ыстық тамағына бөлінген ақшаға Қостанай облысында азық-түлік таратылуда

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат –Қостанай облыстық Білім басқармасы Instagram-дағы парақшасында аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды тамақтандыруға қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019-2020 оқу жылының 4-тоқсанында қашықтан оқыту кезеңінде облыстың 10 өңірінде 7 267 балаға тегін тамақтандыруды ұйымдастырудың орнына 31 млн теңгеге азық-түлік себеттері берілді. Әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған балаларды қолдау және тегін ыстық тамақ алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында облыстың барлық өңірлерінде жаппай оқыту қорының қаражаты есебінен азық-түлік жиынтығын беру туралы шешім қабылданды», - делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен, азық-түлік себеттерін келесі санаттағы оқушылар алады:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

3) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;

5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары.

Бүгінде облыстың 20 өңіріндегі мектептердің 13 мың оқушысы мен тәрбиеленушілерінің ата-аналарынан өтініштер қабылданды. Әулиекөл, Амангелді, Қамысты, Қарабалық, Қарасу аудандарында, Қостанай, Лисаков және Рудный қалаларында 3 мыңға жуық азық-түлік себеті таратылды. Облыс орталығында осы жылдың 30 қазанына дейін 1733 оқушы азық-түлік себетін алатын болады.


Соңғы жаңалықтар