+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын тәжірибе жасау арқылы арттыруға болады - Тиктокер мұғалім

2021 жылғы 18 қазан 11:13
Бөлісіңіз:
Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын тәжірибе жасау арқылы арттыруға болады - Тиктокер мұғалім

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық тиктокер мұғалім Ұлан Үсенов ҚазАқпарат тілшісіне оқушыларға химия пәнін қызықты өткізудің заманауи әдісі туралы айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар
Қандай ауа райында оқушылар мектепке бармайды СҚО-да биыл 500-ден астам жас «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысты «Бәріне бірдей мүмкіндік»: 33,5 мың балабақша орны пайда болды

Жас педогогтің жаңа технологияны иегеріп қана қоймай, оқушыларға ең қиын пәннің формулаларын ұсынғаны көпшіліктің көңілінен шығып жатыр.

«Шынымды айтсам мен Тиктоктың белсенді қолданушысымын. Бастапқыда оны бақылап, біраз зерттеп көрдім. Кейін тикток арқылы сабақ өткізу тиімді екенін түсіндім. Өйткені бұл платформа адалдық пен шынайылыққа шақырады. Мен анимені жақсы көремін және осы екі нәрсені біріктіру туралы шешім қабылдадым. Нәтижесі мен ойлағанан да жақсы болды. Қазір Алматыдағы жеке мектепте химия пәнінен сабақ беремін. Бұған дейін Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс істедім. Еңбек өтілім- 7жыл»,- дейді химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов.

Оның айтуынша, оқушылар химия пәнін жақсы көріп, тез түсіну үшін сабақты қызықты әрі ұғынықты тілде өткізу керек.

«Химия - бұл өте қарапайым сабақ. Мәселе мынада, балаға химиялық элементтерді жаттау мен оны түсіну қиынға түседі. Сондықтан оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын химиялық тәжірибелер жасау арқылы арттыруға болады»,- дейді спикер.

Сонымен қатар, ол киберпедогогика, сандық технология қазіргі ұрпаққа қажет екенін тілге тиек етті.

«Киберпедагогика – бұл жаңашыл педагогика, онда мұғалім басты тұлға. Бұл цифрлық технологияны қолдану. Қазіргі оқушылар мен ата-аналардың дені Тиктокта отырады. Әрине, оқушылармен көзбе-көз отырып сабақ берген тиімді, сол себепті онлайнды да, оффлайнды да қатар алып жүрген жөн»,- дейді ол.

Ұлан Үсенов сөз арасында алға қойған жоспарлары туралы айтты.

«Мектепте сабақ беруді жалғастыра беремін. Бірақ, алға қойған мақсаттарым бар. Ендігі жоспарым Алматыда оқуға мүмкіндігі жоқ балаларға осы пәнді түсінуді жеңілдетуге көмектесетін жаңа сабақ сериясын немесе ресурс жасамақпын. Өйткені ірі қалаларда мектептердің жағдайы өте жақсы. Бірақ ауылдағы балаларды да естен шығармауымыз керек»,- дейді жас ұстаз.

Спикердің сөзінше, білім саласындағы жаңа әдістер мен технологиялар — заман талабы.

«Білім саласында жаңа әдістер мен технологиялар пайда болды. Егер ескінің бәрі жұмыс істесе, жаңасы пайда болмас еді. Бұл — заман талабы. Өскелең ұрпақ, атап айтқанда, оқушылар өзгеше көзқарасты талап етеді. Қазір технология заманы. Сондықтан оқушылармен осы заманға сай жұмыс істеу керек. Негізі қашықтан оқыту бұрыннан бар. Оны көбіне жоғары оқу орындарының профессорлары лекция оқығанда қолданады.

Кейін пандемияға байланысты білім беру саласы толық соған көшті. Бұл оқытудың басқа деңгейі, ерекше тәсілі болды. Менің ойымша, ұстаздар мен оқушылар тәжірбие жинады»,- дейді тиктокер мұғалім.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT